«7-20-25»: екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі

10.10.2018 21:15

Алматы облысы «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны азайту мақсатында екі миллиард теңге бөлді, деп хабарлайды sputniknews.kz.


«Баспана» Ипотекалық ұйымы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай,  президент Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына «7-20-25» тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті меморандумға қол қойды.

Осылайша, аймақ тұрғындары 2 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады.  


Қайрат Алтынбеков еліміздің қалалары мен облыстарында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кеткенін атап өтті. Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде «7-20-25» бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын хабарлады.


Бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 миллиард теңге бөлген болатын.