Қысқы Универсиада-2019 алауының эстафетасы елімізге жетті. Алқызыл алауды ұстаушылар Алматыдағы Абай даңғылының бойымен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан бастап, Республика сарайына дейін жүгіріп өтті.
Спортшылар қатарында боксшы Қанат Ислам, футзалшы Дінмұхамбет Сүлейменов, альпинист Мақсұт Жұмаев және өзге де спорт қайраткерлері бар. Маршрут ұзақтығы 2 шақырымды құрады.
«Өз еліміз үшін өте қуанышытымын. Бұл оқиғаны Тәуелсіздігіміз үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Біздеспортқа қызығушылық танытатын қаншама жас өсіп келе жатыр. Осы сәт оларға үлкен бір рухани күш, рухани азық деп ойлаймын. Болашақта қазіргі студенттер арасынан әлемдік Олимпиада төрінен орын алатын, еліміздің туын көтеретін мықты азаматтар шығады деп ойлаймын», – деді боксші Қанат ИСЛАМ.
Жуырда салтанатты шеру Қытайдың Харбин қаласында жалғасады. 29-шы Дүниежүзілік қысқы Универсиада келесі жылы 2-12 наурыз аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтеді.
«20 қыркүйекте Италияның Турин қаласында айтулы жарыстың алауы тұтанған болатын. Бүгін алау тұтатудың екінші кезеңі жалғасуда. Қазақстанда өтіп жатқан рәсім ұзақтау болып тұр. Қазақстан – өте қонақжай ел. Бұл елде ауқымды спорттық жарыстар жиі өтіп тұрады», – деп атап өтті Ресейдің студенттер спорты одағының президенті Сергей СЕЙРАНОВ.