Алматыда бірқатар ғимараттарда ыстық су өшіріледі

03.10.2018 21:21

Алматы қаласындағы Түрксіб ауданының біраз ғимараттарында бір тәулікке ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 4 қазан күні сағат 00:00-ден 5 қазан 00:00-ге дейін Алматының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай-Хмельницкий-Дөнентаев көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа нысандарда ыстық су өшіріледі.

«Бұл шектеулер жылыту маусымына дайындық аясында жоспарлау жұмыстарын жүргізумен байланысты болып отыр. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жылыту маусымының қашан басталатыны, биыл жылу бағаларының көтерілу-көтерілмеуі туралы айтылған болатын.