Күйеуі басына оқ атқан: жезқазғандық әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

07.12.2018 21:22

Жезқазғанда күйеуі басынан аңшылық мылтықпен оқ атқан әйел аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық орталық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Жарақаттанған әйелді құтқару мүмкін болмады. Ол ауыр жарақат алған», – дейді ауруханадағылар.

Күйеуінің қолынан ажал құшқан Гүлназ 27 жаста болған. Оның артында екі кішкентай баласы қалды.

Еске сала кетсек, 5 желтоқсанда Жезқазғанда күйеуі әйелінің басына мылтықпен оқ атқан еді.

Полицейлердің мәліметінше, оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Айғақ зат тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті изоляторға қамалды.