Алматы мекемелері мүгедек жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы ма – «Нұр Отан» тексерісі

Алматы мекемелері мүгедек жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы ма – «Нұр Отан» тексерісі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жарымжан жандарға жасалған жағдай қандай? Бүгін Алматы қаласы Бостандық аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері мүгедектердің жүріп тұруына жасалған жағдаймен танысты.

Алдымен «Алатау» метро стансасына бас сұққан шенділер кемшіліктерді көзімен көрді. Дереу жауаптыларға олқылықты жоюды тапсырды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуын, ауруханалардағы, сауда орталықтарында көрсетілетін қызметтердің сапасына көз жеткізіп, бірнеше мекемеге ескерту жасады. Аудандағы аталмыш істер партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылған.

«Осы аудандағы 100-ден астам мекемелер мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Бірең-саран мекеменің кемшілігін көрсетіп бердік. Жағдай жасауға уақыт бердік. Партиялық жобаның аясында бізде бұрын 8 жоба болатын болса, қазір 20 жоба бар. «Кедергісіз келешек» жобасы өзін-өзі ақтағандықтан, ісін ары қарай жалғастыра бермек», – деді «Нұр отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі Байғали ӘБДӘЛІҰЛЫ.



Новости партнеров