Денесін бөлшектеп, кәуап пісірген: 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қызға қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

Денесін бөлшектеп, кәуап пісірген: 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қызға қатысты сұмдық жайттың беті ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Блэкпул қаласында 14 жасар қыздың анасы полицияға айып тағып, жоғалып кеткен қызын іздемей қойғанын айтты. 15 жыл бұрын қызы қатігездікпен өлтірілген екен. Алайда, туыстары сол күні оған не болғанын әлі күнге дейін білмейді. Белгілісі, Шарлин Даунстың денесін бөлшектеп тастап, артынша оның етінен кәуап пісірген. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Олар қызымның суретін газеттерде жарияламады, теледидардан көрсеткен жоқ. Тек 6 апта өткеннен кейін дабыл қақты. Мадлен Маккэнн жоғалып кеткенде оны бірден іздестірді. Біздің қай жеріміз кем? Қатардағы жұмысшы болғанымыз үшін, онша біліміміз жоқ екені үшін кембіз бе?» – дейді анасы Карен Даунс.

Шарлиннің жоғалып кетуіне қатысты тергеу Ланкашир полициясының тарихындағы ең ірі әрі даулы іс болды. Бастапқыда офицерлер қыз қылмыстық топтың қолына түсіп қалып, жыныстық саудаға тартылып, артынша өлтірілген деп шешкен. 2007 жылы жергілікті екі жұмысшы сот алдына келіп, ақыры сотталмады. Істің нәтижесіз болғаны үшін полицейлер сынға ұшыраған-ды.

«Адамдар түрлі жағымсыз пікірлер айтып жатты. Қызымыздың жоғалып кетуіне біздің қатысымыз бар екенін айтты. Жергілікті сыраханада Бобқа (әкесі - ред.) шабуыл жасады. Себебі, біреулер оны адам өлтірді деп ойлапты. Мұның бәріне шыдау мүмкін емес еді. Адамның мүрдесін тапқан сайын қатты қорыққаннан жүрегім айнитын», – дейді Карен Даунс.

Алайда, өткенді еске алған Карен қызының өміріндегі маңызды жайтты жіберіп алдым ба деп уайымдайды. Себебі, тұйық әрі ұялшақ болған қыз аяқ астынан күрт өзгеріп, сабаққа бармай қоятын болған. Тіпті, ата-анасы оның қайда жүргенін білмеген. Бір күні ол үйге 70 еуро алып келген. Алайда, мұндай ақшаны қайдан алғанын айтпай қойыпты.

«Бәрі өткінші екеніне, қызымның мінезі қайта өзгеретініне сенімді болдым. Ол жоғалып кеткенде, менің төзімімді тексеріп жатқан болар деп ойладым. Оның бандаға алдап тартылғанына және оны ешқашан көре алмайтыныма сене алмаймын», – дейді Карен Даунс.

Шарлин қайтыс болғаннан кейін оның отбасының өмірі күл-талқан болған. Карен әр түнін жылаумен өткізіп, қайтыс болған қызының төсегінде ұйықтаған. Күйеуі үнемі ішімдік ішіп, осылайша бәрін ұмытпақ болыпты. Ал інісі Шарлинді табу үшін әр түн сайын үйден қашып кетсе, әпкелері жұмысы мен колледжді тастап кетіпті.

Сот барысында Шарлиннің денесі бөлшектеніп, одан кәуап жасалды деп топшыланды. 2014 жылы полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан видеожазба тапты. Қыз жоғалып кетерден бұрын видеоға түсіп қалған екен. Алайда, мұнымен істің тергеуі алға жылжымады. Карен сол күйі қызының жерлеу рәсімін өткізе алмады.

«Қызымның қайтыс болғанын жүрегім сезеді. Алайда, әзірге мүрдесі жоқ. Сондықтан үнемі тірі ме деп үміттенемін. Мен күресуімді тоқтатпаймын», – дейді Шарлидің анасы.


Новости партнеров