Алматыда заңсыз қойылған дүңгіршектерді сүру жұмыстары жалғаса бермек

Алматыда заңсыз қойылған дүңгіршектерді сүру жұмыстары жалғаса бермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Әуезов ауданында заңсыз тұрған қос дүңгіршектің көзі жойылды. Нысандарды қожайындар өз еріктерімен сүрді.

Жергілікті аудан әкімдігінің қызметкерлері кәсіп иелеріне алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Кейін олар өздері сүріп тастауға ниет білдіріпті. Жалпы, заңсыз орнатылған нысандарды жою жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.  

«Аудан аумағында мониторинг жүргізіп, 50-ге жуық заңсыз орнатылған нысандар анықталды. Сол заңсыз орнатылған нысандарды бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, «Ақсай» ықшамауданында 2 дүңгіршек иесіне ескерту жасалғандықтан, бүгін 2 дүңгіршекті өз еріктерімен иелері алып кетті. Иә, көбінесе өз иелері келісім береді. Өз еркілерімен алып кетеді», – дейді Алматы қаласы Әуезов аудандық Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Қуаныш ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Айта кетейік, жыл басынан бері Әуезов ауданында заңсыз қойылған 300-ден астам нысанды кәсіп иелері өздері сүрген. Бұзылған сауда орындарының басым бөлігі «Кар сити» және «Сайран» автобекеті маңында орналасқан.  


Новости партнеров