|
17.10.2018 | 16:35
4877

Тойдың қақ ортасында «өлген» әжей елдің жағасын ұстатты

Тойдың қақ ортасында «өлген» әжей елдің жағасын ұстатты

Еліміздегі тойлардың бірінде «Кемпір өлу» салты орындалған. Ал жұрт бұрын-соңды естімеген бұл салтты көріп, желіде түрлі пікірді қардай жаудырған, деп хабарлайды qazaly.kz.

Ойын салты бойынша, күйеу жігіт тойхананың қақ ортасында «өліп жатқан» әжейді қалай да оятып алуы керек.

Видеода үйленіп жатқан жігіт әжейдің қолына ақша қыстырады. Алайда әжей ояна қоймаған.

Жас жігіт осы уақытта қалыңдығының қолынан ұстап, әжейге ән арнайды.

Бұл видеоны көрген қазақстандықтар таңданыстарын жасыра алмады.

«Тойда кемпір өліп қалды ма» деп ойласам», «Ыңғайсыз салт екен», «Қазақтар да неше түрліні ойлап, тауып жүреді».

«Енді қарияларды ойыншыққа айналдыру қалып еді», «Салттың да тозығы болады ғой», «Өмірімде мынадай салт бар екенін білмеппін», - деп пікір білдірді оқырмандар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир