«Айка» фильмі Германиядағы кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Отандасымыздың еңбегі еленді. Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлінде ойнаған «Айка» фильмі Германияда өткен халықаралық кинофестивальде Гран-приге ие болды.
Дүбірлі додаға 40 елден 190 фильм сынға түсіпті. Байқауда топ жарған «Айка» бас жүлдемен қоса, қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады.
Айта кетерлігі, аталған туынды жергілікті көрермендердің үлкен бағасына ие болды. Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмнің басты рөліндегі Самалдың актерлік шебірлігіне көпшілік таңдай қаққан еді. Бұған дейін актриса Еслямова Канн фестивалінде «Үздік актриса» атанған болатын.
Сурет: КирТАГ
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11