Алматыда Бақытжан Момышұлының құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Бақытжан Момышұлының құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі қоғам қайраткері, жазушы Бақытжан Момышұлының құрметіне мемориалдық тақта қойылды. Ескерткіш тақта жазушының Қалдаяқов пен Гоголь көшелерінің қиылысында тұрған үйінің қабырғасына орнатылды.

Салтанатты шараға қарымды қаламгердің жары Зейнеп Ахметова, қоғам қайраткерлері мен жамбылдық жерлестері қатысты. Қызмет жолын Жамбыл облысындағы аудандық, облыстық газеттерден бастаған Бақытжан Бауыржанұлы өзінің төл шығармаларымен қоса, еліміздің белгілі жазушыларының еңбектерін орыс тіліне аударған. Әке аманатына адал болып өткен ұлдың өмір жолы бүгінгі жастарға үлкен үлгі болу керек дейді шараға жиналған зиялы қауым.

«Бұл кісі қазақ әдебиетінде, аударма саласында үлкен жетістіктерге жеткен жазушы әрі мемлекет және қоғам қайраткері болды. Бүгін сол кісінің тұрған үйіне Алматы қаласы әкімінің шешімімен, ескерткіш тақта қойылып отыр. Бұл шара бір жағынан, өткенге құрмет көрсету болса, екінші жағынан, рухани жаңғырып жатқан қоғамымызда жастарға үлкен үлгі өнеге болатын айтулы оқиға болмақ», – деді Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай АХЕТОВ.

«Батыр рухына тағзым ету, оған лайықты құрмет көрсету жағынан Жамбыл жұртшылығы белсенділік танытып келеді. Өйткені, ұлы тұлғаларын мақтан тұтпайтын қазақ жоқ. Бақытжан ағамызды есте сақтауға арналған бүгінгі мемориалды тақтаның ашылуына арнайы бір топ делегация келдік. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, Бақытжан ағамызбен қатарлас жұмыс жасаған қаламгер достары, әріптестері де бар. Біз Бақытжан ағамызға осылай лайықты құрмет көрсетіп Алматы әкімдігіне Жамбыл облысының барша жұрты қуанып отыр», – деді Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік УӘЛИ.


Новости партнеров