Бауыржан Байбек Алматының үздік педагогтарын марапаттады

Бауыржан Байбек Алматының үздік педагогтарын марапаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының үздік ұстаздарын қала әкімі марапаттады. Бауыржан Байбек жиын барасында оқушы мен оқытушы жүктемесін азайтуға, педагог мәртебесінің өсуіне ерекше мән беру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 5 қазандағы жолдауында педагог мәртебесі туралы заң жобасын қабылдауды тапсырған болатын. Қазір Білім және ғылым министрлігі тиісті заңды әзірлеп жатыр. Осы ретте Алматы әкімі ұжымдарды, ата-аналарды аталмыш ұсынысты талқылауға шақырды.

«Елбасы жолдауында баса назар аударылған мәселенің бірі – балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу керек. Сондықтан менің ойымша, әсіресе болашақ мұғалім мамандығына шәкірттерді мектеп қабырғасында дайындап, жүйелі түрде кәсіптік бағдар жұмыстары ұйымдастырылып, дұрыс бағыт көрсетілсе, қалада кадр мәселесі жөнінде ешқандай проблема болмайды. Құрметті ұстаздар! Анасыз адам болмайтыны сияқты, ұстазсыз маман болмайды. Олай болса, осынау үлкен үміттің үдесінен шығып, қаламыздың білім беру саласын жетілдіру ісін табысты жалғастыра бергейсіздер!», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК

Жыл басынан бері Алматы ұстаздарының 70 пайызының жалақысы көбейген. Бұл жаңарған мазмұндағы білім беру бойынша оқытып жұрген мұғалімдер. Ал 1200 педагогтың айлығы ұлттық тестілеуден өткеннен кейін 30 пайыздан бастап, 50 пайызға дейін артады.

Жалпы, тәуелсіздік алған кезден бастап Алматыда 117 оқу ошағы бой көтерген. Соңғы бес жылда қаладағы білім саласына құйылған қаржы 37 пайызға артып, шамамен, 27 миллиард теңгені құрады. 

Новости партнеров