Алматылық балалар Автокөліктен бас тарту күнін атап өтті

24.09.2018 21:42

Дүниежүзілік автокөліктен бас тарту күніне орай, Алматыда алғаш рет Velo Frіends Junior велошеруі ұйымдастырылды. Жарысқа Алматының барлық ауданынан келген 250-ге жуық бала қатысты. Жеңімпаздарға дипломмен қатар, бағалы сыйлықтар да табысталды.  

«Бұл жарысты анам инстаграмм желісінен көріп, маған айтты. Маған бұл сайыс қатты ұнады. Себебі, көлікте отырғанға қарағанда, велосипедте өзіңді еркін сезінесің. Бүгін өзімді орта деңгейде көрсеттім», – дейді Нұриддин ТҰРСЫНХАН.

«Тұрғындар жауапкершілік танытып автокөлікпен аз жүріп, көбірек жаяу және велосипедпен жүрсе екен дейміз. Бірақ бұл бала кезден әдетке айналуы керек. Сол себепті де, қорымыз өзіміздің серіктесіміз «Вело Алматымен» бірігіп, осы шараны балаларға арнайы ұйымдастырды», – деді «Velo Frіends» қоғамдық қорының директоры Елена ЕРЗАКОВИЧ.