Алматы мүмкіндігі шектеулі жандарға 4 миллиард теңге жұмсапты. Бұл қаражатқа жәрдемақы, арнайы әлеуметтік қызметтер мен санитарлық-курорттық емдеу жұмыстарын ұйымдастыру да кіреді.
Қазір қаламызда 42 мыңға жуық мүгедек болса, олардың 5 мыңы – балалар. Бүгін Халықаралық мүгедектер күніне орай, ерекше балалардың қолдарынан шыққан дүние көпшілік назарына ұсынылды.
«Біздің басқарма «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Қазір балалардың өздері қатысуға ниет білдіретін болды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көрмеге балалардың өз қолдарынан шыққан дүниелер қойылған. Біз бәрінің тең құқықта болғанын қалаймыз», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ләззат ЖЕТІБАЕВА.