Алматыда дәстүрлі әншінің тек халық әндері шырқалған кеші өтті

Алматыда дәстүрлі әншінің тек халық әндері шырқалған кеші өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алатау алабы» әнге бөленді. Халықаралық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші Санат Исаев үкілі домбырамен жанды дауыста кеш өткізді.

Әсем әуенді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі «Алатау» ансамблі сүйемелдеді. Қоңыр әуезді, қазақы нақыштағы классикалық шығармаларды тыңдауға келген халықтың қарасы қалың болды. Айта кетейік, шығармашылық кеш «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

«Бұл жердегі ерекшелік – қазақтың қара домбырасымен ғана ән орындалады. Одан кейін ансамбльмен ән орындалады. Негізі, 20 шақты ән айтылады. Біржан сал, Ақан сері сияқты үлкен композиторлардың да әндері орындалмақ. Қазақтың қара домбырасымен классикалық әндерді, халыққа кеңінен таралған әндерді орындаймыз. Негізі, қазақтың ұлттық өнерін арқалап жүрген азаматтармызға алғысымды білдіремін», – деді дәстүрлі әнші Санат ИСАЕВ.

Әншінің репертуарында Арқа, Жетісу мектебіне тән туындылармен қатар, халық әндері де бар. Кеш барысында Санат Исаевтың ұстазы Рамазан Стамғазиев пен дәстүрлі әнші Амангелді Күзеубай да өнер көрсетті.

«Ұстазы ретінде Санаттың ең табысты жылдарының куәсі болдым. Өйткені, Санат бірінші күннен бастап Құдайдың сыйға берген айрықша дауысымен, талабымен, қолындағы қасиетті домбырасын тастамай жүріп, сол ғасырлар бойы келе жатқан  халық әндерін, халық композиторларының, кейінгі заман композиторлары мен осы кезеңдегі жаңа композиторлардың әндерін өз талғамына қарай, елгезерден өткізгендей қылып нақышына келтіре орындайтын, әншінің әншісі айта алатын ерекше әндерді шырқап жүрген, қанжығасына байлаған әнші», – дейді дәстүрлі әнші Рамазан СТАМҒАЗИЕВ.


Новости партнеров