Жүргізуші куәлігін сатқан полицей 8 жылға сотталды

Жүргізуші куәлігін сатқан полицей 8 жылға сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірдегі жемқорлық деңгейі туралы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік мамандары жүргізген сараптама жұмыстарына сүйенсек, облыста жемқорлыққа ең көп жол беретін орган - Ішкі істер департаменті. Бұл туралы Ұлттық бюро мен департамент өкілдері ІІД-де өткен жиында мәлімдеді.

«Жыл басынан бері ішкі істер органдары ішінен жергілікті полиция қызметі, атап айтқанда, учаскелік инспекция, табиғатты қорғау күзеті, жол-патруль полициясы жемқорлыққа көбірек жол берген. Қылмыстардың дені пара алу, алаяқтық, қызметін асыра пайдалануға байланысты орын алды. Қылмыстық-процестік кодексiнің шеңберінде облыстық ІІД-не аталған заңбұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде ұсыным жасалды», - дейді агенттіктің баспасөз хатшысы Аида Бажирова.

Жалпы, департамент полицейлерге қатысты 38 қылмыстық істі бағыттады. Қазірдің өзінде 4 мемқызметкер сотталған. Мәселен, осы жылдың мамыр айында Рудный қаласы ІІБ қызметкері Панченко мен автоинспектор Шемельтуров 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар тұрғындардан пара алып отырған. Есесіне, оларға жүргізуші куәлігін жасап берген.


Новости партнеров