Алматыда мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің ісі тәртіптік кеңесте қаралды

Алматыда мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің ісі тәртіптік кеңесте қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 9 ай ішінде 850-ден аса мемлекеттік қызметкердің ісі тәртіптік кеңесте қаралған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге аз көрсеткіш.

Бүгін мамандар этика кеңесінде осындай мәлімет айтты. Сондай-ақ, күн тәртібінде бес сұрақ қаралып, әдеп жөніндегі уәкілдер мен тәртіптік комиссиялар жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Кеңес төрағасы Данияр Таумұрат мемлекеттік қызметкерлердің құқығы басты назарда екенін жеткізді.  

«Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 45 адам жалпы сомасы 3 млн 108 мың 485 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алтауы Әкімшілік кодекстің 676 және 677-баптары, яғни заңсыз материалды тұрғыда сыйақы беру және алу бойынша жауапқа тартылған. Сегізі 99-бап бойынша, яғни әкімшілік мемлекеттік қызметкерді жұмысқа алу кезінде конкурс шарттарынан заңбұзушылықтар жіберген», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Геннадий ДАНИЯРОВ.


Новости партнеров