Головкин "Канело" Альвареспен қарымта кездесу сұрады

Головкин "Канело" Альвареспен қарымта кездесу сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ұйым чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

Боксшылар 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қарымта жұдырықтасып, төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Головкин кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылып қалды.

«Канело» чемпиондығын міндетті қорғау керек шығар, бірақ, өз еркімен де істеуіне болады. Алайда Головкин де қарымта сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек діттелген жоқ, дегенмен, өткізуге ниет білдрді», - дейді Сулейман Киевте өтіп жатқан WBC конвенциясы кезінде.

Айта кетейік, мексикалыққа WBC бойынша міндетті қарсылас америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) болып тұр. Ал рингке Альварес 15 желтоқсанда оралмақ, оның ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).

Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отқан жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.

Новости партнеров