|
09.01.2019 | 16:56
5157

Алматыда мүгедектер үстінен пайда тапқан алаяқ әйел сотталды

Алматыда мүгедектер үстінен пайда тапқан алаяқ әйел сотталды

Жұртқа «жұмыс тауып беремін» деп мемлекеттің қаржысын жымқырған Дильнар Инсеноваға қатысты сот үкімі шықты.

Айыпталушы алдымен қоғамдық қор ашып, оған 15 адамды тіркеген. Оның бесеуі – мүмкіндігі шектеулі азамат. Сөйтіп, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында бөлінген 2 миллион 70 мың теңгеден астам қаражатты қолды еткен.

Өзінің қылмысын толық мойындаған ол бүгін судьяның соңғы сөзін тыңдады. Мемлекетке келтірген залалды өтегені және кәмелет жасына толмаған екі баласы болғаны үшін сот жазаны жұмсартты.

«Сот Инсенова Дильнарды Қазақстан Респбуликасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлімі 3-ші пункті бойынша кінәлі деп таныды. Оны шартты түрде екі жыл бас бостандығынан айыруды шешті. Оған қоса, қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеуіне, қоғамдық жұмыстармен айналысуына тыйым салынады», – деді Алматы қаласы Әуезов ауданы сотының судьясы Ерхан ТОТЫБАЙ.

Дильнар Инсенованың адвокатының ойынша, жазаны бұдан да жеңілдетуге болар еді. Бірақ айыпты ісіне еш өкінбейтінін мәлімдеген. Сондықтан үкім де қатаң шықты деп санайды. Айта кетейік, Инсенованың ашқан қорында жұмысқа тіркелген әрбір жұмыскердің жалақысының 80 пайызы өткен жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттен аударылып отырған. Әйтсе де, қор жетекшісі бұл ақшаны қалтасына басып, қорға тіркелген азаматтарға жарытып жалақы да төлемеген екен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир