|
28.12.2018 | 16:59
1744

2018 жылы өмірден өткен белгілі тұлғалар

2018 жылы өмірден өткен белгілі тұлғалар

Санаулы күндерден соң Жаңа жыл босағадан аттап, 2018 жыл тарих қойнауына енеді. Өкінішке қарай, еліміз биыл бірқатар ардақты тұлғаларынан айырылды.

Қоғам, мемлекет қайраткерлеріне айналған аяулы жандардың қазасы қазақтың қабырғасын қайыстырды. Қыршын кеткен жас дарындар мен ұлт үшін тер төккен тарландар халқының жадында мәңгі сақталып қалмақ.

2018 жылы өмірден өткен тау тұлғалар:

1. Рахымжан Отарбаев – жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (19.10.1956 – 17.02.2018 ж.ж.)

2. Нұрлан Ерімбетов – Қазақстан азаматтық альянсының бұрынғы басшысы, қоғам қайраткері (28.05.1960 – 21.03.2018 ж.ж.)

3. Денис Тен – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері (13.06.1993 – 19.07.2018 ж.ж.)

4. Зәмзәгүл Шәріпова – Қазақстанның халық әртісі, көрнекті кино және театр актрисасы (31.08.1931 – 15.07.2018 ж.ж.)

5. Шерxан Мұртаза – Қазақстанның халық жазушысы (28.09.1932 – 9.10.2018 ж.ж.)

6. Карл Байпақов – қазақстандық ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы     (17.11.1940 – 23.11.2018 ж.ж.)


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир