|
28.12.2018 | 21:15
2946

Республиканың қай өңірінде қатты аяз болуы мүмкін – синоптиктер болжамы

Республиканың қай өңірінде қатты аяз болуы мүмкін – синоптиктер болжамы

Қыс қаһарына мінетін уақыт әлі алда. Әсіресе, солтүстік өңірдегі аяз ұзақ уақытқа сақталмақ. Тіпті, теріскейдегі бірнеше облыста ауа температурасы – 35 градусқа дейін жетеді. Ал синоптиктер осы қысқа қандай болжам жасап отыр? Бұл сұрақтың жауабын «Қазгидромет» РМК Ұзақ мерзімге болжау басқармасының жетекші инженері Айгүл Мыңжанова айтып бермек.

– Айгүл ханым, алдағы уақытта республиканың қай өңірінде аяз қатты болуы мүмкін?

– Алдын ала болжам бойынша жылы ауа массаларының жиі енуіне байланысты қаңтар айында еліміздің барлық аймақтарында күн райы айтарлықтай жылы, жауын-шашынды болады. Тек солтүстік-шығыс өңірінде орташа айлық температурасы мөлшер шамасында болады деп күтілуде.  Ал қыстың соңғы айына келетін болсақ, ауа температурасы мөлшерден бір градусқа төмен және де жауын-шанын аз болады деп күтілуде.

– Ең суық ауа райы қай аймақтарда тіркеледі? Қай уақытқа дейін созылуы күтілуде?

– Алдын ала болжам бойынша суық антициклонның елімізде барлық аймақтарына ықпал етеді. Салдарынан бірінші, екінші және үшінші онкүндіктердің басында солтүстіс-шығыс өңірлерде сынап бағанасы түнде – 25-30, кей жерлерде - 35 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз – 15-20, кей жерлерде – 25 градусқа төмендейді.  Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде сынап бағанасы түнде – 8-13, кей жерлерде – 18 градус, күндіз – 05-10 градусқа төмендейді.

– Ал Алматыдағы күн райын былтырмен салыстырғанда қандай ерекшелік бар?

– Биылғы және былтырғы қысты салыстыра келе, Алматыда биыл суық ауа массаларының жиіленуіне байланысты бұл өңірлерде суық күндер басым болған. Ал түнде сынап бағанасы – 10 градусқа төмендесе, – 6 градусқа дейін төмендеген.

– Жауабыңызға рахмет.


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир