Павлодарда бір жарым жастағы сәби бесінші қабаттан құлап кетті

19.09.2018 22:00

Павлодарда 1 жас 4 айлық сәбей терезеден құлап, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай  туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі @tipavlo парақшасында тарады.

«Нәресте бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап түскен. Ашық бас ми жарақатымен ауруханаға орналастырылды», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Оқыс оқиға 1 Май көшесі, 11 мекен-жайында орын алған.