Алматыда №106 бағыт «Әлмерек» ықшамауданына дейін ұзартылады

07.11.2018 22:05

Қаладағы №106 бағыт «Әлмерек» ықшамауданына дейін ұзартылады, деп хабарлайды  bnews.kz.

Жоғарыда аталған елді мекен тұрғындарының өтініші бойынша Алматының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осындай шешім қабылдаған.

«№106 бағыт Түрксіб ауданының әлеуметтік маңызы бар объектілерін қамтиды, бұдан былай ықшамаудан тұрғындары үшін көлік қолжетімді болады. Қазіргі кезде жаңа құрылыс тұрғындарына қатысты қосымша аялдама пункттерін ашу қарастырылуда», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ,  №86 бағыт «Ахметов көшесі» деп  аталатын соңғы аялдамаға дейін ұзартылған. Автобустар қозғалысы өзгерген сызба бойынша биылғы жылдың 12 қарашасынан бастап жүзеге асады.

Еске салсақ, Алматыда көлік  реформасы аясында жаңа №205 бағыт ашылған еді. Бұл бағыт бойынша 18 метрлі төмен  еденді 30 жаңа автобус жүруде.

Алматыда биылғы жылдың соңына дейін жаңа көлік үлесін 87%-ға дейін жеткізу жоспарланған.