Алматыда жұмыспен қамтылған азаматтар саны артып келеді

17.10.2018 22:06

Биыл Алматы экономикасына 910 мың адам жұмылдырылған.

Атап айтқанда, жұмыспен қамтылған халықтың саны 840 мың, ал өзін-өзі еңбекпен қамтығандар 70 мың адамды құраған. Мұндай деректерді қалалық Статистика департаменті келтіріп отыр.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 49 586 адамды немесе 5,2 пайызды құрады. Ал осы жылдың екінші жартысындағы жағдай бойынша жан басына шаққандағы орташа табыс 218 мың 744 теңге көлемін көрсетіпті. Дегенмен, экономикалық тұрғыдан белсенді емес топ саны 445 мың болып отыр. Бұл өткен жылғы сандармен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.