|
13.11.2018 | 17:06
1755

Түрмедегі бүлік кезінде 50 сотталушы қаза тапты

Түрмедегі бүлік кезінде 50 сотталушы қаза тапты

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы №3/3 түрмесінде болған бас көтеру кезінде шамамен 50 адам қаза тапқан. Алты түрме күзетшісі ауруханада жатыр, деп хабарлайды abai.kz.

«Азаттық» радиосының тәжік қызметінің тілшісі мемлекеттік мекемеден түрмеде қаза болғандардың тізімін байқап қалған. Онда кемінде 50 адамның аты-жөні жазылған. Қазіргі кезде тек колония майоры Мирсаид Кадыров пен Эхсон Ёкубовтың қаза тапқаны белгілі.

Ресми билік БАҚ-тағы түрмедегі бүлік жайында жазылған хабарларға ресми түсініктеме бермей отыр. Ал қаза тапқан сотталушыларды жерлеу рәсімі құпия түрде жүзеге асып жатқаны белгілі болды.

Абақтыда қаза тапқандардың бірі, 12 жылға сотталған 23 жастағы Бахром Исмоиловтың анасы Рукия Исмаилова ұлымның мәйітін көруге рұқсат бермеді дейді.

«Мені ұлыңыз ауырып қалды деген себеппен түрмеге шақырып алды. Сонда барғанда, ұлымның қаза тапқанын білдім. Ондағы қызметкерлер сотталушылар күзетшілерді ұрып-соқты, біз қол қусырып қарап отырмадық деді. Бахромның денесі зиратқа оралған күйде әкелді. Маған ұлыммен қоштасуға рұқсат бермеді»,- дейді Рукия Исмаилова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир