|
13.11.2018 | 17:10
2834

Алматыда қар тазалау жұмысына 3 мыңға жуық жұмысшы тартылды

Алматыда қар тазалау жұмысына 3 мыңға жуық жұмысшы тартылды

Алматыда қар тазалау жұмыстары үдетілді. Қалада магистралды көшелер ақ ұлпадан ертеңге дейін толығымен тазартылып бітеді.

Қар тазалау жұмыстарына 860 арнайы техника мен 2860 жұмысшы тартылған. Жалпы, жүргіншілер жолдарын, аялдама және көлік тұрақтарын тазалау басты шаруа. Осы уақытқа дейін 7500-ден астам текше метр қар арнайы қазандықтарға төгілді.

«Алматы қаласында 1,5 тәулік бойы жауған қар 11 қарашадан 13 қарашаға дейін жалғасты. Қардың жауғаны шамамен, таңғы алтыда тоқтады. Жалпы, жауған қардың биіктігі 10 сантиметрді құрады. Мұз еріткіш қоспалар қазір де себілуде. Қар жауғанда да себілді. Қазіргі кезде 5400 тонна мұз еріткіш қоспалары себілуде», – деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы Айжан КЕНЖЕБЕКОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир