Жылу мен электр қуатының бағасы тағы бірнеше облыста төмендеді. Прокурорлар Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы монополистерден заңбұзушылық анықтапты.
Аталған аймақтардың тұрғындарына 40 миллион теңге қайтарылды. Енді олар жарыққа 15 теңге 50 тиын төлейтін болды. Ал Қызылорда облысында монополистер кеткен шығынның көлемін көбейту арқылы 73 миллион теңге заңсыз пайда тапқан.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселені тез арада шешуді жауаптыларға тапсырған болатын.