Савелий Земцов 1 жарым жасында анасы тамақ дайындап жатқанында терезеден құлап кеткен. Сәби 5 күн ес-түссіз жатыпты. Дәрігерлер оның аман қалатынына сенбеген. Абырой болғанда, бала аман қалды, бірақ, оның қазір денсаулығы ауыр, деп жазады Nur.kz.
Анасы Наталья Земцованың айтуынша, Савелий биыл бірінші сыныпқа барған. Өте ақылды, өзгелермен тез тіл табысып кететін бала екен. Алайда, сабақты ол үйде оқиды. Себебі, денсаулығында ақауы бар, оның сол қолы қозғалмайды және аяғы жүргенде тартылып қалады. Ата-анасы сәбиді Қытайға апарып емдеген. Содан кейін ғана баланың саусақтары қимылдай бастапты.
«Жүрегі жайсаң адамдар ақша жинап беріп, қазанда Қытайға барып ем алып келдік. Содан бастап қана саусақтары қимылдай бастады. Дәрігерлер балаға тағы да ем алу керектігін айтуда. Оған 2 800 000 теңге қаражат керек. Бірақ бізде ондай ақша жоқ. Өйткені отбасында күйеуім жалғыз жұмыс істейді. Басымызда ипотека бар», – дейді көпшіліктен көмек сұраған әйел.