Қарлы құзды еңсерген қонжықтың әрекеті жұртшылықты тәнті етті (видео)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Анасына ерген қонжық құздан құлай жаздады. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазба желі қолданушыларын тәнті етті.
Ұрғашы аю мен қонжығы қар жамылған биік құздың басына өрмелеп барады. Ересек аңға бұл ешқандай қиындық туғызбаса, қонжық анасына жету үшін біраз әуреге түседі. Ол бірнеше рет анасының жолымен өрмелемекші болады, алайда, кенет төмен сырғи жөнеледі, тіпті тастарға соғылып, ауыр жарақат алып қала жаздаған. Соған қарамастан кішкентай жыртқыш берілмей, қайта жоғары өрмелеп, анасымен қауышады. Желіде түрлі пікірлер жазылып, бейнені жүз мыңдаған адам қарап үлгерген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06