6 күннен соң көз жұмды: Күйеу жігіті қалыңдығының рак дертіне шалдыққанын біліп, некесін қиды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маусым айында 33 жастағы Саманта Вебстер тұрмысқа шығар алдында ғана өзінің рак дертін шалдыққанын білді, деп хабарлайды stan.kz.

Әйелге соқыр ішектің соңғы деңгейі диагнозы қойылған. Самантаның күйеужігіті 38 жастағы Алек қалыңдығының дертіне қарамастан некесін қиды.

Қалыңдығы көз жұмардан 6 күн бұрын үйленді. Жұп 4 жыл кездескен. Дәрігерлер қыздың жақын күндері көз жұматынын айтқан соң сүйіктісімен некесін қиды.

«Бұл ерекше күн еді. Біз бұл күнді ұзақ күттік», – дейді олар.

Өкінішке қарай қыздың денсаулығы күрт нашарлап, үйленген соң асқынып кетті. Саманта мен Алектің тойында 20 адам қонақ болды. Тек жақындары мен достары келді.

«Қызды жерлеуге 300-ден астам адам келді. Ол керемет жан еді. Мен қайғыдан қан жұтып тұрмын. Бірақ некемізді қиып үлгергеніміз үшін қуаныштымын», – дейді күйежігіт.


Новости партнеров