Алматыда Алатау ауданының 10 жылдығы айрықша аталып өтті

21.09.2018 23:20

Алатау ауданының 10 жылдығына орай ардагерлер концерт ұйымдастырды. Халық әндері шырқалып, дәстүрлі күй мен жырдан шашу шашқан белсенді тұрғындар осылайша, жастарға үлгі көрсетті. «Әжелер» ансамблі, «Ерлер қауымы» тобы, «Ардагерлер» вокалы сынды өнерпаздар ұлттық құндылықтарымызды насихаттады.

Әкімдіктің жоспарына сай, қыркүйек айында аудандағы барлық мектептерде мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Қаладағы ең белсенді ардагерлер қалың көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.  

«Алғашқы Алатау ауданы құрылған уақытта 3 800 зейнеткер бар еді. Қазір Алатау ауданында 16 120 зейнеткер бар. Олардың 17-і соғыс ардагері, 666-ы – тыл еңбеккері. Мінекей, біздің қарттарымыз да әрбір іс-шарада сол белсенділігімен алда келеді. 8 ауданның ішінде біздің ауданымыз спорттан да, мәдени шаралардан да соңғы 5 жылда ылғи бірінші орын алып келе жатыр», – деді

Алатау аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген ҚАБДОЛЛИН.

«10 жылдық мерекеміз құтты болсын! Ауылымыз аман болсын, еліміз тыныш болсын! Бала-шағамыз өсіп-өркендеп, осы Алатау ауданында өсе берсін, өркендей берсін! Қанат жайып, Алатау ауданы көгеріп, көктей берсін!», – дейді  қарт тұрғынТұрахан СӘРСЕНБАЕВА.


Теги: мереке