Алматыда мемқызметкерлерге мерекелік сыйлықтар беру дерегі тіркелмеді

Алматыда мемқызметкерлерге мерекелік сыйлықтар беру дерегі тіркелмеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беру дерегі тіркелмеді. Арнайы мониторинг тобы мереке күндері шенеуніктердің сый-сияпат алмағанын және жұмыс кестесінің бұзылмағанын анықтаған.

Комиссия 40-тан астам мемлекеттік мекемені тексеріп шыққан. Сөздерінше, мекелерде компьютер кешкі сағат 6 жарымда автоматты түрде өшеді.  

«Олардың кеңселеріне әлдекімдер, сүйіспеншілігі тасыған халық арнайы сыйлықтар алып келген күннің өзінде мемлекеттік қызметкер оны заң бойынша 7 күннің ішінде тиісті орталықтарға апарып табыстау керек. Яғни, ол онда заңға қайшы болып есептелмейді. Ал егер ондай факті дәлелденіп, алған сйлықтың  көрсеткіші екі айлық есептік көрсеткіштен асқан болса, ол тіптен қылмыстық жаза болуы мүмкін», – деді Алматы қаласы Қызмет істері департаментінің арнайы мониторинг тобының жетекшісі Дәурен БАБАМҰРАТОВ.


Новости партнеров