Алматының көлік реформасы Орта Азия елдеріне үлгі болуда – сарапшылар

Алматының көлік реформасы Орта Азия елдеріне үлгі болуда – сарапшылар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының транспорттық реформасы Орта Азия елдеріне үлгі болуда. Бішкек, Ташкент қалалары «жүргіншілерге арналған қала» концепциясына бет бұрса, елорда Алматыдағы электронды төлем жүйесі негізінде елеулі жұмыс атқарып жатыр. Қоғамдық көліктегі басқару сапасы мен қызмет көрсету мәдениеті конференциясында сарапшылар осындай пікірге тоқталды.

«Қалаларды салыстыруға болмайды. Өйткені, әр өңірдің қаржылық жағдайы мен климаттық ерекшеліктеріне байланысты жүргізіп жатқан транспорттық реформасы әртүрлі. Әрине, үлгі ретінде қарауға негіз бар. Алматы қаласының тәжірибесіне келетін болсақ, инвестиция тартылғанын, парктердің жаңарғанын көріп отырмыз. Қазір жүргізушілердің кәсіби деңгейін көтеру үшін елеулі жұмыстар атқарылып жатыр екен. 6-7 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дер едім», – дейді Халықаралық қоғамдық көліктер кеңесінің Мәскеу, Астана қалаларындағы кеңсесінің жетекшісі (Мәскеу) Юсуп ХАСИЕВ.

Дегенмен, жүргізушілердің кәсіби жарамдылығы мен олардың қызмет көрсету мәдениеті әлі де болса ақсап тұр. Транспорт мамандарының біліктілік орталығы ұйымдастырған қазан айындағы аттестациялаудан 2 мыңнан аса көлік тізгіндеушінің жартысына жуығы сүрініпті. Бірақ олар жұмыстан бірден қуылмайды. Алматы әкімдігі оларды қайта оқыту үшін арнайы бағдарлама ойластырған. Тестілеуден кейін 600 қоғамдық көлік жүргізушісін оқыту үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөліпті.


Новости партнеров