Индонезияның Суматра аралының тұрғыны цунами кезінде әйелін құтқарамын деп анасы мен баласынан айырылып қалды. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.
46 жастағы Удин Ахока ұйқыға жатқаннан кейін, үйін толқын шайып кеткен. Ер адам ояна сала 70 жастағы анасы мен бір жасар ұлын құтқаруға асыққан. Алайда осы кезде әйелінің суға кетіп бара жатқанын көріпті.
Ер адам бірден әйеліне қара жүгіріп, оны құтқарып қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Ерлі-зайыпты аман қалып, эвакуацияланды. Артынша құтқарушылар Ахоканың анасы мен ұлының мүрдесін үйіндінің астынан тауып алды.
«Анам мен ұлымды құтқаруға уақытым болмады. Соған қатты өкінемін», – дейді ер адам.