Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 келіншек он күннен бері табылмай жатыр

Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 келіншек он күннен бері табылмай жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында қос келіншек он күннен бері табылмай жатыр.  Бірі осыдан екі ай бұрын тұрмысқа шықса, екінші келіншектің үйлену тойын туыстары 15 желтоқсанға белгілеп, шақыру билеттерін де елге таратып тастаған.

Қос қыз құрдас әрі бір-бірімен дос болған. 1996 жылы туған  Ұлжалғас Мұсаева – Қаппарқызы Сарыағаш ауданы Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғыны. Ал  екі аптадан соң тойын белгілеп қойған Орынбасар Меруерт Талғатқызы Ордабасы ауданы Амангелді ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша Шымкенттегі медициналық оқу орындарының соңғы курсында оқып жатқан Меруерт – үйдегі алты қыздың кенжесі. Екі құрбының қай бағытқа бет алғаны әлі күнге белгісіз. Сақшыларда мардымды жауап бермей сенделтіп қойған соң, бақсы-балгерлерді жағалап жүрміз дейді қос келіншектің туыстары.    

«Түркістан облысы Келес ауданының аудандық Ішкі істер басқармасына арыз жазғанбыз. Бірақ олардың іздеу жұмыстарына біздің көңіліміз толып отырған жоқ. Қарындасымды көрген-білгендер болса хабарлассын. Өзі мені көріп отырғанн болса, айналайын қарындасым, әке-шешең іздеп жатыр. Үйге қайт. Хабарлас. Біз бәріміз сені күтіп отырмыз ауылда. Қасындағы құрбы қызымен бірге кеткен екен. Оның әке-шешесі де ағыл-тегіл болып күнде жылап отыр», – дейді Ұлжалғас Мұсаеваның ағасы Убайдолла АСЫЛБЕКОВ.    

Ұлжалғастың ағасының айтуынша, жоғалған қыздар туралы балгерлер де түрлі ақпарат берген. Олардың бірі белгісіз біреулер адам саудасы үшін ұстап отыр десе, екіншілері оның құрбысымен Шымкентке бет алғанын, ал үшіншілері тіпті, Алматыға кетіп қалғанын айтқан. Ал туыстарының арызы бойынша арызды қабылдаған Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу ісін бастаған. Қылмыстық іс қозғаған сақшылар да ешқандай нәтиже шығар алмаған.

Егер Ұлжалғас пен Меруертті көрген-білген адамдар болса, экрандағы телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.  

 8707 460 07 06

 8775 680 88 78

 8702 355 69 86


Новости партнеров