Елбасы «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевті қабылдады

Елбасы «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевті қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашевті қабылдады.

Кездесу барысында Азат Перуашев Елбасына «Ақ жол» демократиялық партиясы мен оның Парламент мәжілісіндегі фракциясының жұмысы жөнінде мәлімет берді. Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау, соның ішінде, «Бизнестің жол картасы-2020» және «Индустриалдық инновациялық даму» бағдарламаларын жүзеге асырылу барысына жіті тоқталды.  

«Бүгін Елбасымызға ең алдымен, «Ақ жол» партиясының Парламентте жүргізіп жүрген жұмысы туралы есеп бердім. Оның ішінде, әрине, ең алдымен, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қатысты және өзіміздің ұсыныстарымызды айттым. Жалпы, кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қандай ұсыныс-пікірлеріміз бар екенін бөлістім», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ДПФ жетекшісі Азат ПЕРУАШЕВ.


Новости партнеров