|
20.09.2018 | 18:20
8861

Білім министрлігі еліміздегі ең үздік ұстазды анықтамақ

Білім министрлігі еліміздегі ең үздік ұстазды анықтамақ

Білім министрлігі «Үздік ұстаз – 2018» байқауының жеңімпаздарына екі жарым миллион теңге көлемінде сыйақы береді. Қазан айында осындай марапатқа лайықты деген 62 педагог таңдалмақ. Әзірге мұғалімдер тартысына қатысуға ел төңірегінен 200-ден артық өтініш келіп түскен. Бұл байқауды астаналық ұстаздар да асыға күтіп жүр.  

Ұстаздық жолында 40 жыл өмірін сарп еткен Күшай Тердікбайдың шәкірттері ең мықты отандық және әлем университтерінің студенттері. Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің ұстазы математика пәнінен сабақ береді. Оқу ордасының директорына дейін жеткен Күшай ағай балаларға есеп-қисап қырын үйретпесем, өзіме орын таппаймын дейді. Төрт мың шәкірт тәрбиелеген мұғалім Астананың «Үздік ұстазы» атанған, енді республикалық байқауға қатысады.

«Бастысы сыйлық емес, деңгейіңді көрсету. Өзіңді ұжымың бағалап, атыңды ұсынып жатқаннан кейін, өз атыңнан да, ұжымыңның атынан да жарысқа түсіп, намысты қорғау – міндет», – дейді «Зерде» дарынды балалар мектебінің математика пәнінің ұстазы Күшай ТЕРДІКБАЙ.

Ал оқушылар ағайдың мықты маман екенін білеміз дейді. Математика пәнінен түрлі кітаптар жазған мұғалімнің сабақтары ойға жеңіл, миға қонымды дейді балалар.

«Күшай ағай көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Құралдардың басты мақсаты – математикадан дарынды оқушыларды сұрыптау, олардың логикасын дамыту. Ағайды мен осы мектепке түскелі, 5 жылдан бері білемін. Әр сабағы өте қызықты өтеді және берген мағлұматтары әр оқушы үшін керек дүниелер», – дейді оқушы Бақытбек АҚМАЛИЕВ.

Ел бойынша өз саласындағы мықты мұғалімдерді анықтайтын байқау қазан айының басында өтеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараның биылғы ерекшелігі – берілетін ынталандыру сыйақысының қомақтысында.  

«Биылғы жылғы сайысқа 109 құжат мектепке дейінгі орта білім беру, 98 құжат техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен түсіп отыр. Байқау қорытындысы 2 қазан күні шығарылады. Биылғы үздік педагог иегеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2 миллион теңгеден артық ақша, «Үздік педагог» төсбелгісі және куәлік табыс етіледі», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаментінің бас сарапшысы Айман ДҮЙСЕНБАЕВА.

Алты жыл бойы үздік ұстаздарды анықтап келе жатқан шараға бүгінге дейін 27 мың ұстаз қатысқан. Ауыл, аудан, қала, облыстарда жеңімпаз атанғандардың арасында 304 мұғалім – республикалық деңгейде жеңіске жеткендер. 

Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир