Алматы мен Астана кәсіпкерлері 65 млн долларды құрайтын жобаларды жүзеге асырады

 Алматы мен Астана кәсіпкерлері 65 млн долларды құрайтын жобаларды жүзеге асырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы мен Астананың кәсіпкерлері бірлесіп қонақүй кешендері мен өнеркәсіп орындарын ашпақшы. Бүгін қос қаланың бизнесмендері 7 ірі жобаны жүзеге асыру үшін ортақ меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық негізінде құны 65 миллион доллардан асатын жобалар жедел жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, алматылық бизнесмендер елордадағы танымал алкогольсіз сусындарды өндіретін қолданыстағы зауыттарды кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыруды қолға алады.

«Мақсатымыз – жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, жаңа қонақ үй салу бойынша, Астана және Алматы қалаларындағы өндірісті ұлғайту бойынша осы жобаның екі қаланың экономикасына қосатын үлесі үлкен. Себебі, ел экономикасының өрлеуінде де осы екі мегаполистің үлесі жоғары және бұдан әрі дамытуға үлкен көмегін тигізеді», – деді Астана қаласы Инвестицияларды және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Нұржан ӘШІМОВ.


Новости партнеров