|
21.09.2018 | 19:49
4639

Алматы қысқы жылыту маусымына толық дайын – мамандар

Алматы қысқы жылыту маусымына толық дайын – мамандар

Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуда. Қазіргі таңда көшелердегі жөндеу жұмыстары бітіп, қазылған жолдар тегістеліп жатыр. Алматы жылу жүйелері мекемесі құбырларды жаңартуды қыркүйек айында бітірдік деп отыр. Оның үстіне, биыл ісіне салғырт қараған мердігер мекемелер болмапты.  Сондықтан, жылу кешікпей беріледі деп сендірді мамандар.    

Алматы жылу маусымына сақадай сай. Мамандар биыл да жаз бойы тот басқан коммуналдық желілерді жаңартып үлгерген. Қазір олар іске қосылып, қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, құбырлар гидравликалық сынақтан өткізіліп, кеткен кемшіліктер толықтай қалыпқа келтірілді. Энергетика кешені көмір мен мазуттың апатты жағдайдағы қорымен толық қамтамасыз етілген.

«Отын-энергетика кешенінің кәсіпорындары 96 пайызға дайын. Қаладағы «Алматыжылукоммунэнерго» мекемесінің жөндеуден шыққан 78 дана жылу қазандығы бүгінде 100 пайызға дайын болды. Сонымен қатар, мазут және жыл соңына дейін көгілдір отын тасуға келісім-шарт қойылған. Қос жылу электр станциясы және Алматы жылу жүйелерінің батыс жылу кешеніндегі дайындығы 80 пайызға аяқталды. Кестелер, қажетті құрал-жабдықтар құрамы да жылу маусымына дайын», – деді Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерболат АМАНҒАЛИЕВ.

Биыл 12 шақырым жылу желісі, 23 километр электр желісі, 300 шақырымға жуық су және 267 километр кәріз жүйесі қайта жасалған. Халықты жылумен қамтитын мамандар алдымен әлеуметтік нысандардың дайындығын пысықтап жатыр.

«Көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, яғни денсаулық сақтау және білім беру мекемелері бүгінгі таңда жылу маусымына 100 пайызға дайын деп сеніммен айта аламыз. Дайындықтарын дәлелдейтін актіні қолдарына алды», – деді Ерболат АМАНҒАЛИЕВ.

Мамандар жылу берілер кезде ауа температурасы ескерілетінін айтады. Жылу биыл да жылдағыдай қазан айының ортасында жіберілуі бек мүмкін.  


Жадыра Омаржан, Рашиддин Якупов, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир