18 жастағы қазақстандық гимнасшы ауыр жарақаттанды

27.02.2018 22:17

18 жастағы қазақстандық гимнаст Милад Карими Аустралияның Мельбурн қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде ауыр жарақат алды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

Спортшының қолы үш жерден сыныпты. Қазір Милад Каримиге ота жасалып, дәрігерлер сүйектерін қайта қалпына келтірген. Спортшы парақшасында өзі үшін маусымның аяқталғанын жазды. Еске салайық, 2017 жылы Карими тұңғыш рет Қазақстан тарихында әлем кубогында спорттық гимнастикадан «күміс» медаль иеленген еді. Алматылық спортшы еркін жаттығуда бар күшін салған. Сондай-ақ ол Монреальдағы жарысқа жолдама алып, тоғызыншы орынға табан тірепті.