Ұлттық ғарыш орталығы отандық медицина саласын дамытуға үлес қоспақ

01.11.2018 23:01

Еліміздің қорғаныс өнеркәсібіне мемлекеттен қолдау керек. Мәжіліс депутаттарынан құралған комитет мүшелері «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш орталығындағы көшпелі отырыста осындай пікір айтты. Халық қалаулылары ел тыныштығына керек өнеркәсіпті заң жүзінде бекіту керектігін де ұсынды. Қорғаныс саласының отандық медицинаға берері мол екен. Бұл қалай жүзеге асады?  

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығына барды. Мақсат – қорғаныс саласындағы отандық өндірісті өзгеден кешіктірмей, тиісті деңгейде дамыту. Жағдаймен етене танысу үшін мәжілістегілер орталықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін бақылады. Кейіннен түрлі мән-жайды талқылауға көшкен депутаттар мемлекет тарапынан қолдау артса дегенді айтты. Әсіресе, өнеркәсіп заң жүзінде бекітілсе құп болар еді дейді.

«Ғарышқа ұшу аппараттының өзінде бізде дайындауға мүмкіншіліктер бар. Соған қосалқы бөлшектер осында жинақтау және де әскери саладағы көлігі бар, ату құралдары бар, олардың да, қару-жарақты да шығаруға мүмкіншілігі барі. Соның бәрін дамытуға мемлекет тарапынан қолдау керек», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ержан ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Орталық мамандары 2015 жылдан бері 3Д аппаратымен қорғаныс саласына қажетті дүниелерді жасауға кіріскен. Бүгін де арнайы техника болат, алюминий, титан металдарынан әуе кемелеріне, әскери темір табанды көліктерге қосалқы бөлшектер шығара алады. Енді орталық мамандары медицина саласына өз үлесін қоспақ. Жоспарда адам ағзасына үйренісіп кететін металдан сүйек қаңқаларын шығару тұр. 

«Қазір біз медицина саласына ден қойдық. Титан импланттар адам денесіне сіңісіп кететіндіктен, омыртқа сүйектерін жасап жатырмыз. Отандық нейрохирургия мамандарымен де осы имплант жайын бірге зерттеп, өз көмегімізді берудеміз. Зақымданған денеге осы металл арқылы қимыл-қозғалысты қайтаруды анықтау керекпіз. Сондықтан жасағанымыз жарақат алған адамға қайтадан 20 мың түрлі әрекет жасауға мүмкіндік береді деп отырмыз», – деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ ұлттық ғарыш орталығының маманы Сәкен ҚАҚПЕНОВ.

Бұдан бұрын «Қазақстан Парамаунт инжиниринг», «Қазақстан Аселсан инжиниринг», «Қазақстан авиациялық индустриясы» компанияарына барған депутаттар Қазақстанның қорғаныс саласына мықтап кіріскендігін байқадық дейді. Дегенмен, бұл саланы Мәжілістің қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарын заңнамалық қамтамасыз ету керектігіне ерекше екпін түсірді.


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана