|
29.10.2018 | 18:11
2609

Бостондағы теракті үшін сотталған қазақстандық елге оралды

Бостондағы теракті үшін сотталған қазақстандық елге оралды

Бостондағы теракті үшін сотталған Диас Қадырбаев елге оралды. Атыраудың тумасы Алматыға 24 қазан күні келіпті. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, Диас Қадырбаев 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостонда болған терактіге қатысты тергеу амалдарына бөгет жасағаны үшін сотталған болатын. Аталған жарылыстан үш адам мерт болып, 300-ге жуығы жараланған еді. Қазақстандық азамат жазасын Техас штатындағы Big Spring федералды түрмесінде өтеген. Ал биылғы жылдың шілдесінде жақсы тәртібі үшін босатылған болатын.    

«2018 жылдың 28 қазанында қазақстандық азамат Диас Қадырбаев Алматыға ұшып келді. Қазір ол бостандықта жүр. Ол шетелдегі жазасын толықтай өтеп келді», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ.

Бұдан бөлек, Айбек Смадияров АҚШ-та ірі көлемдегі алаяқтық жасаған үш қазақстандық азаматша кепілдемеге босатылғанын айтып өтті. Диора Аширова, Азиза Джалалова және Елена Құдайбергенова шетелде раритетті көліктерді сатып, 4 жарым миллион доллар көлемінде шығын келтірген. Бұл іске қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир