Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан «Қазақфильм» АҚ территориясындағы декоративті контейнер өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 30 қазанда 16:54-те Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылы 176, «Қазақфильм» АҚ мекенжайында декоротивті контейнердің өртенгені туралы хабар түсті.
«Бірінші өрт сөндіру техникалары сегіз минуттан соң, 17:04-те жетті. Түсірім алаңы үшін салынған декоротивті ғимарат өртеніп жатқаны анықталды. Алматы өрт сөндірушілері 7 минутта (17:11) өртті ауыздықтап, 17:20-да толығымен сөндірді. Өрт аумағы – 60 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Сонымен қатар, өрт сөндіруші мамандар өрттің басқа да ғимараттарға тарауын тоқтатқан.