|
07.11.2018 | 18:17
6544

1 қаңтардан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың айлығы өседі

1 қаңтардан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың айлығы өседі

Елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі дәрежеде жалақы алатын жұмысшылардың айлығы өседі.

Бүгін Елбасы жолдауының орындалуын Әуезов және Бостандық аудандарындағы кәсіпорын өкілдері талқылады. Мәселен, Әуезов ауданында 16 мыңнан астам кәсіпорын тіркелсе, онда 35 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Орташа айлық 154 907 теңгені құрайды.

«Біздің балабақшамызда 25 қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысы 70 мың теңге мен 200 мың теңгенің арасын құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, біз балабақшадағы жалақы мәселесін 10 пайыздан 20 пайызға дейін көтеруді қарастырып отырмыз», – деді жекеменшік балабақшаның меңгерушісі Райхан ДАБЫЛТАЕВА.

Ал Бостандық ауданында 28 мың кәсіпорын тіркелген. 9 ай көрсеткіші бойынша орташа айлық 234 34 теңгені құрапты. Биыл ауданда тағы 3300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Енді төменгі айлық алатындар жалақысы 1,5 есеге өседі.  

«Алматы Су» комммуналдық мекемелерінде 3500-нан аса адам істейді. Орташа айлық көлемі – 115000 теңге. Біз Президент жолдауын талқылай келе, өз мүмкіндігімізді қарап, төменгі дәрежеде айлық алатын жұмысшылардың, оның ішінде, мотористер, операторлар және қосалқы жұмысқа пайдаланатын кісілердің айлығын көтеру туралы шешім қабылдадық», – деді «Алматы Су» МКК бас директорының бірінші орынбасары Нуриддин ЖАРБОЛОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир