Ақтауда әскерилер жас жігітті не үшін ұстап әкетпекші болғанын түсіндірді (ВИДЕО)

Ақтауда әскерилер жас жігітті не үшін ұстап әкетпекші болғанын түсіндірді (ВИДЕО)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұған дейін Ақтауда әскерилер жас жігітті еркінен тыс алып кетпекші болғаны туралы видеоматериал жарияланған болатын. Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Жанболат Ақмұратов бұл жайтты теріске шығарып отыр. Оның сөзінше, департамент қызметкерлері бозбалаға күш көрсетпеген, тек құжаттарын тексеру мақсатында ғана тоқтатыпты. Бұл туралы Lada.kz порталы жазды.

Жанболат Ақмұратовтың айтуынша, видеокадрдағы жас бала Түркістан облысының тумасы екен. Сол облыста тіркеуде де тұр. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша оған әскери бөлімнен шақырту жіберілген. 

"Ақтау қалалық әскери басқармасы жергілікті органының әскери қызметшілері Ақтау қалалық жергілікті полиция қызметкерлерімен және ҚР Ұлттық ұлан өкілдерімен бірлесіп мерзімді әскери қызметке шақырылған жастарды жұмыс орны бойынша іздеу шараларын жүргізді, олар шақыру қағазындағы талап бойынша Ақтау әскери басқармасының жергілікті органына өз уақытында бармаған. Біз ешкімді алып кетпекші болған жоқпыз, тек құжаттары мен әскери есебін тексерейік дедік", - деді Жанболат Ақмұратов. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда бір ғана Маңғыстау облысында 1000-ға жуық бала әскери борышын өтеуден қашып жүр екен. Егер олар бұдан әрі де қаша берсе әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Новости партнеров