|
22.10.2018 | 18:20
2298

Алматыда өндірілетін электрлі лифттер ТМД нарығына шығарылуда

Алматыда өндірілетін электрлі лифттер ТМД нарығына шығарылуда

Дәрігерлердің де ұстаздар секілді статусы заңдастырылса. Алматылықтармен Елбасы жолдауын талқылауға келген Парламент мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаевқа ақ халаттылар осындай ұсыныс айтты.

Ал бүгін мәжіліс депутаты электрлік лифті шығаратын «Алатау» компаниясының жұмысшыларымен кездесті. Өндіріс орны 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда 400 келіден 2 тоннаға дейін жүк көтере алатын электрлі жеделсатылар шығарылады. Компания өнімдері елімізбен қатар, ТМД елдерінің де нарығына жеткізіледі.

Кездесу барысында компания жұмысшылары депутатқа өз сауалдарын жолдады. Айтуларынша, отандық тауар өндіруші ретінде өзіміздің тұтынушылардан түсетін сұраныстың аздығы алаңдатады екен.

«Қауіпсіздік мәселесіне ден қоя отырып, бұл компанияның шығарып жатқан өнімдері үлкен сұранысқа ие болады деген сенімім зор. Дегенмен, өздерінің де отандық тауарға сұраныс мәселесінің әлі толық шешілмей жатқанын айтуда. Орталыққа барып, Үкіметте осы мәселені де көтеремін ғой деген ниеттемін», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Омархан ӨКСІКБАЕВ.

Жолдаудағы әр салаға бөлінген қаржының тиімділігін арттыру мәселесі де алматылықтар тарапынан үлкен қолдау тауып отыр. Сонымен қатар, инфляцияға төтеп беретін шаралар күшейтілсе дейді жұрт.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир