Астанада Қазақстан мен Үндістанның Қорғаныс министрлері кездесті

03.10.2018 23:31

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үндістан Қорғаныс министрі Нирмала Ситараман ханымды қабылдады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.  

Кездесу барысында тараптар қорғаныс пен бітімгершілік қызмет аясында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне баруы шеңберінде Н. Ситараман ханымға заманауи мультимедиалық кешенмен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған Үндістан Республикасы Қарулы Күштері әскери өнерінің аудиториясы көрсетілді. Жасалған жағдай оқу үдерісін жаңа қырынан ұйымдастыруға, тыңдаушылар болсын профессорлық-оқытушылар құрамы болсын оны анағұрлым қарқынды және шығармашылық етіп жасауға мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша үнді тарапы Қазақстанмен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге қызығушылығын білдірді.