Елімізде ЖОО бітірген түлектердің 50 пайызы жұмысқа орналаса алмай жүр

Елімізде ЖОО бітірген түлектердің 50 пайызы жұмысқа орналаса алмай жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің жоғарғы оқу орындарын тәмәмдаған түлектердің 50 пайызы жұмысқа орналаса алмайды. Олар көбінесе техникалық, әлеуметтік, ауылшаруашылығы саласы, экономика мен бизнес мамандықтары бойынша тәлім алғандар. Мұндай тұжырымды еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасап отыр.

Биыл 109 жоғары оқу орнындағы 92 мамандық бойынша оқытудың нәтижелері зерттелді. Сараптама түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, олардың жалақысы сияқты критерийлер бойынша анықтау арқылы іске асқан. Бұдан бөлек, түлектердің арасында жүргізілген сауалнамаға сегіз мыңға жуық адам қатысыпты.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, түлектердің 35 пайызы өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Ал жоғарғы оқу орнын тәмәмдағандардың 40 пайызы бір жылдың ішінде жұмысқа орналаса алмайды. Бұл мәліметтер арнайы жүргізілген сауалнаманың арқасында мәлім болды. Еліміздегі 68 жоғарғы оқу орны түлектерінің 50 пайызы жұмыссыз жүр», – деді «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Олжас ОРДАБАЕВ.

Еліміздегі университеттердің екі мыңға жуық бағдарламасы зерттелген. Бұл жұмысқа 700 сарапшы тартылды. Талдау жоғарғы оқу орындары білім берудің бағдарламаларын бір-бірінен көшіретінін көрсеткен. Яғни, бірегейлік жоқ дейді сарапшылар.



Новости партнеров