Алматыда алмаға арналған мұражай ашылды

Алматыда алмаға арналған мұражай ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді Қазақстанның кез-келген тұрғыны алмаға қатысты естеліктерін мұражайға ұсына алады.

Кеше салтанатты ашылу рәсімі өткен «Алма мюзеум» мұражайы қазақстандықтардың естеліктерін бір арнаға тоғыстырмақ. Музей «Алматы» қонақүйінің бірінші қабатында орналасқан. Тұрғындар мен қала қонақтары алмаға қатысты фото, аудио, видео нұсқаларды осында тапсыра алады. Ол келер жылдың қаңтар айына дейін қабылданбақ. 


«Бүгін сондай қуанып тұрмын. Көптен күткен «Alma Museum» музейін ашып отырмыз. Барлық әлем алманың отаны біздің қала екенін білсе дейміз. Алматының алманың отаны екені дәлелденген. Сондықтан тарих шежіресіне тұнып тұрған қаланың ортасындағы қонақүйде өзіміздің музейді ашып отырмыз. Алманың тарихы жайлы жазылған аңыздар, әңгімелер өте көп, соларды осы музейде жинақтайтын боламыз», – деді ұйымдастырушы Ажар ЖАНДОСОВА.


Новости партнеров