Көшеде телефон ұрламақ болған ұры бойжеткеннен оңбай таяқ жеп қалды (видео)

Көшеде телефон ұрламақ болған ұры бойжеткеннен оңбай таяқ жеп қалды (видео)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бразилияда ұры өзінің серігімен бірге 22 жастағы Сабрина Лейтке жақындап келіп, телефонын беруін талап еткен. Алайда бойжеткеннің оған берген соққысынан кейін, ұрының өзі көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бойжеткен Манаус қаласындағы өзінің үйінің маңында жүрген. Осы кезде 18 жастағы ұры оған тап беріп, телефонын қолды қылмақ болады. Алайда ұрының әрекетінен қорықпаған қыз оған телефонын беруден бас тартып, артынша соңынан қуа жөнеледі.

Бойжеткен жас жігітті қуып жеткеннен кейін, оған 4 жыл бойы джиу-джитсу сабақтарында үйренген әдістерді қолданған. Нәтижесінде жерге құлап түскен жігіт айқайлап, көмек сұрай бастады. Өз кезегінде Сабрина оған қолын сындыратынын айтып қорқытқан.

Ал сол маңда болған адамдар оқиғаны видеоға түсіріп алыпты. Бойжеткен ұрыны полиция келгенше 20 минут бойы ұстап тұрған.


Новости партнеров