Мәжіліс депутаты мен отандық белсенділер 16 жастан бастап ата-ана рұқсатынсыз түсік жасатуға қарсылықтарын білдірді.
Астанада басқосқан азаматтық қоғам өкілдері мен халық қалаулысы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бастама қауіпті деген пікір айтты. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова құжат мақұлданып жатса, ата-ана мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынас бұзылып, жастардың тағдырын талқандауымыз мүмкін деп қауіптенеді.
«АҚШ түсік жасату туралы хабарламаны ата-анаға жеткізу ережесін алып тастаған болатын. Соның салдарынан, ол елде түсікке барғандар көбейіп кеткен. Кейін олар бұл нормадан бас тартты. Польша да бұл мәселеге өте қатты қарайды. Түсікке қыздар ата-ана рұқсатын алуы тиіс. Германияда осы процедураға бармас бұрын қыздың жақындарынан бөлек, оның денсаулығы бақыланады. Ал бұлай жастардың алдағы тағдырын құжатпен шеше салуға болмайды», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ирина СМИРНОВА.